Мектепке дейінгі ұйым құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтардың өңірлік семинары өтті

2024 жылдың 19 сәуірі күні «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдіру: педагог тәжірибесіндегі бетбұрыс» тақырыбында Шымкент қаласы №21 «Ертарғын», №56 «Тұлпар», №30 «Алпамыс», №68 «Балауса», №34 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшалары базаларында өңірлік семинар өтті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Гулшат Оңланбекқызы, «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының педагогтері қатысты. Іс шара барысында МДҰ мобильді топтары мен құзыреттілік орталықтарының озат іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату жұмыстары бес тәжірибелік алаңында түрлі тақырыптарда жүргізілді. Семинардың жұмысы пленарлық мәжіліске ұласты, баяндамашылар тың ақпараттармен бөлісті, іс шараның сонында қатысушылар тарапынан кері байланысқа шыққан педагогтер өз ұсыныстарын алға тартты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар