«Мектепке жол» акциясы – шарапаты мол шара

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар – мемлекетіміздің жарқын келешегінің кепілі. Сондықтан да алдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деген еді.

Елімізде жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін Республикалық «Мектепке жол» акциясы биылғы «Балалар жылында» да жалғасын тапты.

«Мектепке жол» акциясы – балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қолдау көрсететін игілікті, шарапаты мол шара.

Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.

17 тамыз күні «Өрлеу» Қызылорда филиалының директоры Бауыржан Елеусінов республикалық «Мектепке жол» акциясын қолдау мақсатында институт қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына мектепке қажеттi оқу құралдарын табыс етті.

Алдағы уақытта институт қызметкерлеріне Кәсіподақ тарапынан қажетті қолдаулар үнемі көрсетілетін болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар