«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» басшылығының қатысуымен Тараз қаласы №57 орта мектебінің педагогтерімен курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында оқу-әдістемелік үрдісті жетілдіру және мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету бойынша бірлескен жұмыс жоспары талқыланып, қол қойылды. Институт директоры С.Құрманбекова облыстағы ұстаздардың біліктілігін арттыру курстары, оның мазмұны мен ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.



