Білім саласында жаңа оқу жылында жүзеге асырылып жатқан «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай бүгін 25 қыркүйек күні қалалық №33 ЖОББМ базасында «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында мектеп басшыларына арналған республикалық семинар ұйымдастырылды.
Үш күнге жоспарланған семинар жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, А.Байтұрсынов атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы АҚ, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, Облыстық әдістемелік орталық , БҚО білім басқармасы ұйымдастыруда.
Жоспарланған семинардың бірінші күнін Оралдағы «Өрлеу» филиалы өткізді.
Семинар мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту.
Семинарға қатысушылар білім ордасының фойесінде жасақталған «Жасанды интеллект-оқушы-мұғалім» инновациялық көрмесін тамашалады.
Іс-шараға ҚР Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев онлайн қатысып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар модераторы Оралдағы «Өрлеу» филиалы директорының орынбасары Күміс Байқатова. Аталған семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» директоры Софья Измуханбетова, Білім басқарма басшысының орынбасары Луара Батырғалиева алғысөзбен ашып, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына толық тоқталды.
«Қолдау.Сенім.Мүмкіндік» тақырыбында №33 жалпы орта білім беретін мектебінің жастар командасынан сәлемдеме жолданды. Семинар барысында Оралдағы «Өрлеу» филиалының кафедра меңгерушісі Сәнім Әбитова және әдіскер Менжан Мурзабулатов «Мектептің даму бағдарламасы» туралы айтып өтті.
Ауқымды шара «Мектеп стратегиясы контекстіндегі мұғалімдердің кәсіби дамуы. Аймақтағы білім беру ұйымдарының үздік басшыларының табысты тәжірибелерімен алмасу» тақырыбындағы тәжірибелік сессияға жалғасып, қатысушылар аймақтағы білім беру ұйымдарының үздік басшыларының табысты тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік алды.













