Курстан кейінгі сүйемелдеу аясында Алматы облысы, Қонаев қаласы, №3 орта мектебінде «Сенімділік күш береді» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, функционалдық оқу-танымдық қабілеттерін арттыру болып табылды.
Семинарда Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жадыра Абдрахимова, Нұрсауле Қылышбекова және Арай Қарсыбаева мектеп педагогтері мен оқушыларымен кездесіп, пікір алмасып, психологиялық кеңестер ұсынумен қатар, оқу сауаттылығы бойынша шебер класс пен тренинг жаттығуларын өткізді.
Шара барысында мектеп психологтері Б.Сұлтанбекова және С.Ермұханова зерттеу жұмыстары мен жас мамандармен атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырып шықты. Оқушылар күйзеліс жағдайында адекватты мінез-құлық дағдыларын қалыптастырды. Өзіне-өзі деген сенімділігін арттырып, өз күшіне сену қабілеттерін дамыту, эмоционалды жағымды қатынастар орнатты.




