«Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстары» тақырыбында қалалық форум өтті

18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстары» тақырыбында қалалық форум өтті.
Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен өткен форумға Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қ.С., жоғары оқу орындарының ғалымдары, біліктілікті арттыру институттарының мамандары, мектепке дейінгі және орта білім беру, ТжКББ ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатысты.
Пленарлық отырыста Боранбаева Ляйля Каирбековна , «Өрлеу» БАҰО» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының тренері «Қазіргі жағдайда математика пәні мұғалімінің кәсіби даму жолдары» атты баяндама оқыды.
Жиын барысында математика пәні оқытушыларының кәсіби біліктілігін көтеру, заманауи технологияларды қолдану, білім алушылардың білімін бағалау, қорытынды аттестаттау сынды сауалдар талқыланды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар