Буллинг зардап шеккендердің өмірінде терең із қалдырады және балалардың эмоционалды, әлеуметтік дамуына, мектепке бейімделуіне әсер етеді, ауыр психологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар буллинг оқушылардың арасында суицид қаупін едәуір арттырады және ауыр жеке өзгерістерге әкеледі. Мектептегі буллингтің алдын алу мақсатында облыстық “Жамбыл” радиосының эфирінде “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалының Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Фарида Кулен сұхбат берді. Радио жүргізушісі Гүлмира Сағындықовамен сұхбат барысында Фарида Жұмабекқызы келесі сұрақтарға жауап берді:
– баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу керек?
– қиын жағдайда өзін қалай ұстау керек және көмекке қайда жүгіну керек?
– қоғамға қарсы мінез-құлықтың алдын алу және түзету үшін не істеу керек?
-балаңызға интернет-қауіп анықталған жағдайда не істеу керек?
Бұл жауаптар проблемаларды шешуге және балалардың психологиялық қауіпсіздігін нығайтуға мүдделі мұғалімдер мен ата-аналарға пайдалы болады деп үміттенеміз.
