«МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ 3-ШІ КҮНІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ.
27 қыркүйек мақсатты мектеп басшылары үшін «Сапаны басқару және мектепішілік бақылау» тақырыбы бойынша сессия жұмыстарымен жалғасты
🔹Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Стамғали Дина Қабдолқызы семинар тыңдаушыларына «Мектеп қызметінің сапасын басқару: сапаны қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістері. Мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында ой өрбітсе, Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таишев Бердібек Еркінбекұлы «Мектепішілік бақылау – міндеттері мен механизмдері: мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәсілдері. Бақылаудың құралдары мен рәсімдері» тақырыбында сессия жұмысын өткізді.
🔸Бағдарлама бойынша келесі кезекте ұйымдастырылған талқылау сессиясында жоба шеңберіндегі әрекеттерді қарастыру, жауапкершілікті бөлу, сапаны арттыру шараларын әзірлеу бойынша ой алаңы ұйымдастырылды. Осы тұста семинар қатысушылары кері байланыстарын беріп, 3 күндік республикалық семинар жұмысы қорытындыланды.
🔹Шараның жабылу салтанатында құттықтау сөз кезегі «Өрлеу-Атырау» институты директоры Роза Даулетоваға жолданып, өз кезегінде филиал басшысы 92 семинар тыңдаушысын Оқу-ағарту Министрлігі атынан Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификатымен марапаттады.
Сонымен қатар, 16 спикер үздік іс-тәжірибесін таратқаны үшін Облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
👩🏻🏫Алғыс Хат иелері «Өрлеу-Атырау» филиалының аға оқытушылары Тажиева Г.К., Жумагалиева А.Ж. және әдіскер Сагандыкова А.М. құттықтаймыз!
Аталмыш жоба аясындағы 3 күндік семинар табысты, нәтижелі көрсеткіштердің үздік бастамасы болады деген сенімдеміз!💐💐💐




