Мектепте облыстық семинар өтті

2023 жылдың 5 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы  Нұрсәуле Қылышбекова «Коллаборативтік  орта құру дағдыларын қалыптастыру арқылы оқу сауаттылығын дамыту»тақырыбында  Алматы облысы, Іле ауданы, №54 орта мектебі базасында облыстық семинар  өткізді.

Семинар жұмысында оқытушы икемді дағдылар жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін көрсететіндігіне тоқталып өтті.3

Аталған іс-шарада тренермен бірлесе мектеп педагогтері Э.Ғабитова, М.Ерболатова, А.Юсупова, Л.Мағзұм белсенділік танытып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Облыстық семинардың мақсаты – коллаборативтік орта құру дағдылары арқылы оқу сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің педагогикалық шеберлігін шыңдау. Семинар барысында Институт тренері коллаборативті орта құрудағы талдау, сипаттау, суреттеу бойынша қолданылатын топтық, жұптық әдістер, ойын тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын меңгерту жолдарын көрсетіп озық тәжірибемен бөлісті.

Облыстық деңгейдегі іс-шараны қорытындылай келе тренер іс-шараға белсенділік танытқан мұғалімдерге Институт ұжымы атынан алғыс айтып, қазіргі кезеңде жүзеге асырып жатқан педагогикалық қызметтеріне сәттілік мен табыс тіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар