Мектепте пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған тиімді тәжірибелерді жүзеге асыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Педагогтердің кәсіби дамуын басқару» тақырыбы аясында семинардың екінші бөлімі бойынша мектепте пәнаралық байланысты орнатуға бағытталған тиімді тәжірибелерді жүзеге асыру мақсатында Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ педагогтерінің тәжірибелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
”Өрлеу – Ақтөбе” филиалының аға оқытушысы Л.Ермекбаева биология пәні мұғалімі А. Бекенованың «Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі» тақырыбындағы сабағына қатысып, кері байланыс жасалып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Сабақ кезеңдерінде білім алушылар белсенді танымдық процеске тартылды, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған топтық жұмыстар жүргізіліп, бірлескен жұмыстарда желілік ресурстар қолданылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар