Мектепте өлкетану жұмысын ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Назира Абдикеримова курс аясында «Өлкетану бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырудың заманауи  әдістері мен түрлері» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында педагогтер өлкетану сабағын жоспарлаудың ерекшеліктерін, тиімді оқыту стратегиялары мен белсенді оқу әдістері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Білім беру ұйымдарында өлкетану сабақтары интеграциялық тәсіл және факультативтік курс түрінде өткізілетіні туралы айтып өтті. Интеграциялық тәсіл ретінде Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география және музыка пәндерінің мазмұнына кіріктірілген. Іс-шара соңында педагогтер  өлкетану тақырыптарын барлық пәндердің мазмұнына кіріктіріп оқыту оқушыларға патриоттық және экологиялық тәрбие берудің басты құралы болады деген қорытындыға келді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар