Мектептің заманауи жетекшісі: жетістіктің көрсеткіші

2022 жылдың 9 наурызында Тұран университетінде біліктілікті арттыру курстары аясында семинар өткізілді. Семинар п.ғ.д., профессор, “Тұран” жеке мектебінің директоры Исламгулова Светлана Константиновна және оның басқару командасы, “Тұран” университетінің «Психология» кафедрасының оқытушысы, әрі бизнес-тренері Саринова Г.Е., сондай-ақ, Өрлеу ББЖҚБАРИ оқытушылары Тен А.С. және Жартынова Ж.А. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінен 50 білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыретін қалыптастыруға ықпал ету және педагогтарды мектепті басқаруға тарту нысандарын көрсету. Өткізілген интерактивті семинар қатысушылардың педагогикалық команданың бірігуі мен өзара әрекеттестігінде, заманауи басшының практикалық жұмысында алған тәжірибесін қолдану бойынша қызығушылығын және уәждемесін тудырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар