Мектептің «Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі» арқылы серіктестік жалғасуда

2023 жылдың 11 наурызда Шымкент қаласы №21 А.П.Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында №355 бұйрық 3 тарау 14 тармағына сай «Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі» туралы Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Мектеп директоры Катира Рахымбаева және директор орынбасары Умида Абдувалиевалар қосудың негізгі мақсаты, міндеттерімен таныстырды. Аталған мектептің Қамқоршылық кеңесінің мұшесі ретінде «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Махфуза Мусаева қатысты. Бас қосу барысында аталған мектепке қарасты білім алушылардың құқықтарының сақталуын, мектеп шотына түсетін қайырымдылық көмек көрсететін жұмсалуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, білім беру ұйымын дамыту мақсатында ұсынымдар, сонымен қатар қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізу туралы мәселелер қарастырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар