2023 жылдың 28 сәуір күні Шымкент қаласы Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің 100 жылдық мерей тойына орай «Көптілді білім беру: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі мақсаты: көптілді білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, қазақстандық қоғамға интеграциялану үшін білім беруді жетілдіру мақсатында желіні дамыту. Аталған конференцияға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен өкілдер, «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» қызметкерлері, көптілді білім беру мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушілер мен консультанттар; Аз Ұлттар Кеңесінің Жоғары Комиссариаты ЕҚЫҰ (ОБСЕ) ның Орталық Азия білім беру бағдарламасына қатысушы елдердің университеттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы; ҚР «Дустлик» Ассоциациясы өзбек этномәдени орталығы, көптілді білім беру мамандары, жалпы орта білім беретін мектептернің педагогтері. Барлығы 250 жұық қатысушы қатысты. Іс- шара бағдарламасына сай 3 сессия барысында ұлттық мектептерде қазақстандық патриотизм, ұлттар достығын насихаттау және білім саласына барынша атсалысу, институтционалдық қолдау және ақпараттық сүйемелдеуге тиісті 20дан астам баяндамлар тыңдалды, 19 ашық сабақ және 9 сыныптас тыс шебер-сынып, дебат, интеллект, ТЕДх ұйымдастырылды. Сондай- ақ, «Өрлеу» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалы инновациялық білім жөніндегі директор орынбасары М.Ахтаев, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»кафедрасының аға оқытушысы М.Мусаевалар «Көптілді және билингвалды білім беру моделі: «Өрлеу» Кәсіби даму институты тәжірибесі» тақырыбындағы баяндама мен қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Конференция соңында Ю.Сареми мектеп-лицейі мұғалімдерінің еңбектері ескеріліп марапатталды.Көптілді білім беру бағдарламаларын дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы ақпарат алмасып, одан әрі ілгерілету жолдары туралы тәжірибелермен алмасып, кәсіби байланыстарды кеңейту және нығайту, ынтымақтастықты дамыту қарастырылды.

- 28 Апр
- 2023