Мектепті басқару мен қаржыландырудың рөлі

2022 жылдың 3 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ бас әдіскері Биомарова  Гүлзада Абдибекқызы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсының аясында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының №49 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыруда мектепті басқару мен қаржыландырудың рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинар «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында мектеп басшыларының қаржылық құзырлылығын қалыптастыру мақсатында өткізілді. 

Іс-шара барысында мектептің «Шығармашылық шыңы» шығармашылық даму клубы және «Ақындар» мектебінің жетістіктері мен «Парасат» дебат клубының «Спортқа қарағанда дебатпен айналысу тиімдірек» тақырыбындағы пікір таласы, мектептен тыс жұмыс орталығының көрмесі, «Экомектеп» жобасы, «STEM» зертханасының жұмыстарының жетістіктері көрсетілді.

Семинардың тәжірибе алмасу алаңында мектеп директоры Ергужиева Н.Д. жан басына шаққандағы  қаржыландыру бойынша  атқарылған жұмыстар мен оның тиімділігі мен қолданылу аясы жайында тәжірибесімен бөлісуі мектеп директорларының қызығушылығын туғызды. 

Практикалық бөлім барысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асырудағы қаржылық қолдаудың маңызы», «Жан басына шаққандағы қаржыландырудың нормативтік құжаттары», «Жан басына шаққандағы қаржыландыру калькуляциясы» тақырыптарында топтық жұмыс жүргізілді. Пікір таласта қалалық мектеп директорлары өз тәжірибелерін ортаға салып, аудандық мектеп директорлары сұрақтарын қойып, өз білімдерін тереңдетті. Мектеп директорлары өздерінің кері байланыстарында семинардың практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, семинар ұйымдастырушыларына кәсібилік және ынтымақтастық үшін алғыстарын жеткізді.

(1) Пікір

  • Айгуль Хайржановна 10.10.2022 @ 14:09

    Тамаша, семинарда да, жалпы курстан аларымыз өте көп болды. Тек теорияны ғана беріп қоймай, оны практикамен ұштастыра отырып өткізген курс құнды әрі пайдалы болды.

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар