Мектеп басшыларына арналған қысқа мерзімді курс

2022 жылдың 30 мамыры мен 10 маусымы аралығында Өрлеу ББЖҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Жақсылыкова Кенжегүл  «Жан басына қаржыландыруға көшу жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында республиканың 14 өңірінен жиналған мектеп басшыларына арналған қысқа мерзімді курс өткізді.

Курстың  мақсаты жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент мәселесінде білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және қаржылық құзыреттіліктерін дамыту.

Іс-шара барысында мектептердің жан басына қаржыландыруға көшу жағдайы талқыланып, инновациялық менеджмент жөніндегі мәселелер жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылауға аса белсенділікпен қатысты.

Тыңдаушылар үшін Алматы қаласындағы №74 орта мектеп базасында бечмаркинг негіздегі озық іс-тәжірибемен бөлісу мақсатындағы көшпелі-тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Курстың әрбір сәті заман талабына сай инновациялық әрекеттерге бағдарланды. Білім беру ұйымы басшылары тәжірибелік бағытта ұйымдастырылған курстың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, ризашылықпен тарқасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар