Мектеп директорларының орынбасарларына арналған қалалық семинар өтті

«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен № 93 мектеп-лицей базасында мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Білім берудегі жаңа парадигма» атты қалалық семинар өтті.

Семинар барысында мектепті басқаруда заманауи білім беру платформаларын пайдалану, «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін тиімді жүргізу», инклюзивті білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда интерактивті ойын элеметтерін тиімді пайдалану, мектептегі «KUNDELIK.KZ» электронды журналының жүргізілуін белсендіру, «Білім беру ұйымын басқаруда бұлттық технологияларды қолдану: GOOGLE WORKSPACE платформасы және ASC TIMETABLE бағдарламасы арқылы сабақ кестесін құру», «EASY QUIZZY» бағдарламасы арқылы автотест құру» тақырыптарын интербелсенді тақта арқылы тәжірибе жүзінде қолданудың жетілдірілген артықшылықтарын кеңінен ашып көрсетті.

Қатысушылар семинар қорытындысы бойынша тақырыптың ауқымдылығы мен мазмұндылығынан алған ақпараттарын жоғары бағалады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар