«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен мектеп директорларының орынбасаларына арналған қалалық семинар өтті.
Мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Білім берудегі жаңа парадигма» тақырыбындағы семинарда «Толық Адам» ұлттық тәрбие моделі» бағыты бойынша «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Оқуға құштар мектеп», «Бос уақытты тиімді пайдалан» тәжірибе шеңберінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі қажеттіліктерді анықтау сынды, қолданысқа пайдалы ақпараттар алынды.
Семинар барысында ұлттық құндылықтарға баса назар аударылып, асық, тоғыз құмалақ, бес тас сынды ойындар арқылы оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасап, айналадағы құбылыс сырын танып сезіну, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысатындығы көрініс тапты.
Қатысушылар тарапынан семинар қорытындысы бойынша тақырыптың бүгінгі күнгі өзектілігі, ауқымдылығы және тиімділігі жоғары бағаланды.





