«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту»

Бүгін СҚО «Өрлеу» филиалы – мен «Алтын Бесік» балабақша ынтымақтастығы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы аясында Ойын технологиялары арқылы этномәдени құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында көшпелі практикалық сабақ өтті
Мақсаты: ойын технологияларын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Көшпелі практикалық сабақта қаралған міндеттер:
1) ойын арқылы этномәдени құндылықтарды қалыптастырудың тиімді әдістерін қарастыру;
2) мектеп жасына дейінгі балалардың бойында этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша әртүрлі қызмет түрлері арқылы педагогикалық процесті жобалаудың үлгілерін талдау;
3) ойын технологиялары мен халықтық ойын тәжірибелері арқылы этномәдени ортаны модельдеуге ықпал ету.
Өрлеу-СҚО филиалы «Алтын Бесік» балабақша басшысына Раушан Казикановаға алғысын білдіреді және одан әрі жемісті ынтымақтастықты жоспарлайды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар