Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысы мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделуін жеңілдетуге, олардың толыққанды дамуын қамтамасыз етуге, балабақша мен отбасы арасындағы тиімді ынтымақтастық пен сабақтастықты арттыруға бағытталды.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың бейімделуі мен дамуындағы балабақша мен отбасының сабақтастығы» тақырыбындағы тәжірибе алмасу семинарында қатысушылар
– ата-аналармен тиімді ынтымақтастық орнату;
– «Әжелер, аналар, әкелер мектебі» жобаларын дамыту;
– баланың бейімделуіндегі отбасының рөлі;
– консультациялық пункттердің жұмысы;
– тәрбиеші мен ата-ананың бірлескен әдіс-тәсілдері;
– мектеп жасына дейінгі балалардың бейімделуіне психологиялық ойындардың маңызы тақырыптары бойынша тәжірибелік жұмыстар көрсетті.
Семинар қорытындысында ашық диалог өтіп, балалардың балабақшаға бейімделу кезеңінде ата-аналарға қолдау көрсету, баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес дамыту жоспарын жасау, практикалық кеңестер мен әдістер арқылы ата-аналар мен тәрбиешілердің жұмысын үйлестіру бағыттары бойынша ұсынымдар қабылданды.

