Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық зерттеу белсенділігін дамыту

2023 жылдың 23 ақпанында Ақтөбе қалалық білім бөлімі “Әдістемелік кабинетінің” КММ және «Ақтөбе-Өрлеу» бірлесе отырып, № 32 «Қуаныш» балабақшасы «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық зерттеу белсенділігін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшілеріне арналған семинар-практикумы өткізді.«Әдістемелік кабинет» КММ бөлім меңгерушісі Г.У.Миндалина «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық зеттеу белсенділігін дамыту» тақырыбында сөз сөйледі.Семинардың практикалық бөлімінде қаламыздың № 32 «Қуаныш» балабақшасының музыка жетекшісі және педагог-тәрбиешілері Аетова Л.Т. Сүйінбаева Ж.Қ., Орынбаева Г.Қ., Қуат Ж.Б., Тенизбаева Н.О.,Аяпбергенова И.Х., Жолаушыбаева Л.А., Боташова У.Ж. өз тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңында қорытынды сөз №32 «Қуаныш» балабақшасының меңгерушісі Лекерова Рима Амангалиевнаға берілді.Семинарға қатысушы педагогтар мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық зерттеу белсенділігін дамыту негізінде атқарылып жатқан іс-тәжірибелерін ортаға салып, әріптестерімен бөлісті. Әлеуметтік серіктесіміз қалалық әдістемелік кабинетіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар