Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты мен Меркі ауданы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу-әдістемелік процесті жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету бойынша бірлескен жоспарына сәйкес «Мектеп жобалары тұрақты даму құралы ретінде: гидропоникадан эко картографияға дейін» тақырыбында вебинар өткізілді.
Іс-шараның ашылуында Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Ләтипа Қожамжарова және №16 мектептің директоры Жандар Мәжібаев бірлескен жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстың маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.
Семинардың басты мақсаты-мұғалімдер мен білім алушылар арасында тұрақты даму қағидаттарына сәйкес мектеп жобаларының маңыздылығын талқылау. Бұл жобалар өсімдіктерді гидропоника арқылы өсіру, жылы жайда павловния ағашының көшеттерін көбейту, құлпынай, лимон өсірудің ерекшеліктері, экологиялық қауіпсіздікке бағытталған аймақтық карта жасау сияқты бастамаларды қамтыды. Ғылыми көзқарас, пәнаралық байланыстар және білімді практикалық қолдану арқылы аймақтың нақты экологиялық мәселелерін шешуге назар аударылды.
Вебинар барысында келесі тақырыптар талқыланды:
-Павлония ағашының экономикалық және экологиялық маңыздылығы-Нурланова Фариза Алижановна химия пәнінің мұғалімі;
-Гидропоника технологиясын пайдаланып, бидай өсіру әдістері-Сейсембаева Айгуль Рахимжановна биология пәнінің мұғалімі, оқушысы Көшербай Айсұлтан;
-Лимон өсіру ерекшеліктері-Мадалиева Индира Киргизбаевна бастауыш сынып мұғалімі, 4 сынып оқушысы Ислам Салех;
-Болашақ су қоймасы-Алиева Гульнара Мухтаровна;
-Гидропониканы өсіру кезінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары, Ғылыми жобаларды рәсімдеудің ерекшеліктері туралы институт аға оқытушылары Фарида Кулен, Андия Беисенкулова, Назира Абдикеримова түсіндіру жұмыстарын жүргізіп ұсыныстар берді.
Вебинарда қатысушыларға практикалық дағдыларды игеруге, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың инновациялық әдістерімен танысуға мүмкіндік берілді.
Іс-шара соңында аймақтың нақты экологиялық және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған мектеп жобаларының маңыздылығын айқындап, мұғалімдер мен білім алушыларға құнды тәжірибе берді. Қатысушылар гидропоника, экокартография, павлония өсіру сияқты заманауи тәсілдердің маңыздылығын бағалап, оларды мектеп тәжірибесіне енгізу жолдарының маңыздылығын атап өтті.