Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деген болатын. «Өрлеу» БАҰО» филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының №2 «Болашақ» облыстық арнайы мектеп-интернатында болды. Кездесу барысында филиал директоры С.С. Құрманбекова мектеп-интернат тәрбиеленушілері – Еламан Салауат, Байболов Асхат және музыка жетекшісі Жантаев Бақытбек Әлімбайұлын Республика күні қарсаңында Жамбыл-«Өрлеу» өткізген іс-шарада көрсеткен өнері үшін алғыс білдіріп, құттықтады. Тәрбиеленушілер мектеп-интернаттағы өмірлеріндегі жетістіктерімен, оқудағы, спорттағы, шығармашылықтағы жетістіктерімен бөлісті.





