Жамбыл облысындағы мектеп кітапханашыларына курстан кейінгі қолдау көрсету аясында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия ерлігі-өшпес тарих…» атты дөңгелек үстел өткізілді. Талас ауданы, Қыстаубаев атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларының оқырмандары арасында «Батыр Әлия Молдағұлова туралы естелік» атты сауалнама және сұрақтар қою жұмысы ұйымдастырды. Алынған нәтижелерді саралай келе, дөңгелек үстел тақырыбы мен жүргізілген зерттеулер өскелең ұрпақ үшін өзекті деген қорытынды жасауға болады.
Дөңгелек үстел барысында мектеп кітапханашылары үшін Facilitated Action Research (Far-жеңілдетілген іс-әрекеттегі зерттеулер) бағдарламасының маңыздылығы ашылды, іс-әрекетті зерттеудің әдістемелік негізі және оны жүзеге асыру кезеңдерін ұйымдастыру мәселесі мысалдар арқылы зерделенді. Қатысушылар Action Research және курстан кейінгі жұмыстың негізгі мәселелерін талқылады.