Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Фатима Қаракушекова Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қапал батыр атындағы орта мектебінің «Математика, информатика және физика пәндерінің әдістемелік бірлестігінің» ұйымдастырған семинарға қатыса отырып, өзінің әдістемелік көмегін көрсетті.Семинарға 30 педагог қатысты.
Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында психологиялық ахуал жүргізілді. Қатысушылар топтарға бөлініп, жіпке байланған қарындаштың көмегімен физикалық формуланы пайдала отырып, лабиринттегі шарды ерекше білімді қажет ететін оқушы ретінде қарастырды және ерекше оқушыны өз қатарларына қосуды көздеді.
Семинар аясында «Білім саласындағы инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары» тақырыбында коучинг өткізілді. Мұғалімдердің үлгерімі төмен білім алушылардың уәждерін дамыту арқылы білім беру пәндері бойынша оқыту нәтижелігін көтеру және жаңа құралдармен жұмыс жасауға ұмтылдыру мақсатында АКТ сервистерін қолданудың тиімділігін, уақытты ұтымды пайдалану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тренер информатика, физика және математика пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, педагогтердің сабақтарына кері байланысын берді.





