Сыни ойлау – функционалдық сауаттылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың шығармашылық ойлау, жаңа идеяларды тудыру және стандартты емес шешімдерді іздеу қабілетіне тікелей байланысты болғандықтан, қазіргі мектептің алдында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу іс-әрекетін тиімді қалыптастыру және дамыту жолдарын іздеу міндеті тұр. Осы міндетті шешу мақсатында «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласындағы №2 орта мектептің 9-сынып оқушылары мен мұғалімдеріне тренинг өткізді. Практикалық бөлімде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында аралас тапсырмалар қолданылды. Филиал тренерлері комбинаторлық тапсырмалар мысалында жұмыс кезеңдері мен мінездемелері, идеяларын жүзеге асыру жолдарына тоқталды. Бірлескен пікірталас шығармашылық ынтымақтастық атмосферасында өтті. Тренинг соңында оқушылар бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Дина Сейданова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

