Астана қаласы, №54 Ақселеу Сейдімбек мектеп-лицейі базасында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Комекова Сандуғаш Оралханқызы мектеп директорларына арналған «Жан басына шаққандағы қаржыландырудағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсы аясында «Білім беруді тұрақты стратегиялық басқару» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар аясында қатысушылар курстан алған білімдерін шыңдау мақсатында өзара тәжірибелерімен алмасты. Мектепке келген қатысушылар мектептің тыныс-тіршілігімен, мектеп базасымен танысты, мектеп директоры Исмуханов Есмағзам ШЖҚ МКК (ПХВ) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға ауысуы бойынша ақпарат ұсына отырып, сұрақтарға ұтымды жауап берді.
Қазіргі таңда көптеген мектептердің жаппай ШЖҚ МКК ауысуының өзекті себептері мектептің оқу-тәрбие үдерісінің даму сапасы, бәсекеге қабілеттілігі және педагогтерді ынталандыру, қаржыландырудың принциптері, бюджеттік шығыстар тиімділігі туралы басшылар жан-жақты талқылады.




