Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасы талқыланды

2024 жылғы қаңтардың 17-сі Ә. Марғұлан атындағы ППМУ-де орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасымен таныстыру іс-шарасы өтті. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның вице-президенті Р.А. Қаратабанов өткізді. Стандар жобасымен танысу үшін өңіріміздің педагогтері келіп те, онлайн форматта да шараға қосылды.
Өрлеу-Павлодар атынан филиал директоры Р. Ашимбетова, Л. Полобинская, Ө.Ертісхан, Д. Тоганбекова, А. Мухаметалина сынды оқытушылар қатысты.

В. Қаратабанов мектеп түлегінің моделін жиынтықта айқындайтын білім беру құндылықтары мен негізгі құзыреттер тізбесін нақтылау; білім беру салалары бойынша оқыту нәтижелерін нақтылау және оңтайландыру; пәндердің мазмұнын жаңа сауаттылықты дамыту бойынша оқыту нәтижелерімен, ХХІ ғасыр дағдыларымен, құндылық көзқарастарымен байыту; педагогикалық әдіснаманы күшейту; орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандартын іске асыру және қайта қарау тетігі айқындау; орта мектепте білім беруді профильдеу сияқты жобада жаңашылдықтар жайында айтып өтті.

Стандартта Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген құндылықтар ерекше орында, «нұрлы ақыл», «ыстық қайрат», «жылы жүрек» сынды негізгі тұжырымдамаларының мазмұны дәл және қысқаша ұсынылды.

Талқылау барысында жиналған ұстаздар қойған бірқатар сұраққа спикер толыққанды жауап берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар