Сәуірдің бірінен «Өрлеу» -Павлодар филиалында мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курстарды филиалдың білікті мамандары мен шақыртылған оқытушылары жүргізуде.
🔹Бүгінде филиалда 250 жуық педагог білімін арттыру барысында. Ал республика бойынша 5665 мұғалім курстарда оқып жатыр. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МОДО, ЕНТ, PISA/PIRLS нәтижелерінің статистикасына назар аудара отырып жаңартылды. «Бағдарламалардың жаңартылған құрылымында педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамыту бойынша қосымша модуль бар», – деді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.