Мемлекеттік тапсырыс бойынша биология, химия пәндерінің мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары офлайн режимінде басталд

2022 жылдың 21 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында мемлекеттік тапсырыс бойынша биология, химия пәндерінің мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары офлайн режимінде басталды. Курстар 80 сағаттық оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады. Курс барысында пәндер бойынша оқу бағдарламасының құрылымы, педагогикалық тәсілдер, бағалау тетіктерін, нормативті-құқықтық аспектілерін, оқытудың белсенді стратегиялары мен инновациялық амалдарды тәжірибелік тұрғыда пайдалану, қазіргі мектепті модернизациялаудың алғышарты т.б. қарастырылады.

Күнделікті сабақтарда педагогтар рефлексия жасап, оқу мақсаттарына жетуді мониторингілеу мақсатында тапсырмалар орындауда.

Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!!!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар