Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды

  Бүгін 26 наурыз күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курстар төмендегі бағыттар бойынша жүруде:

* Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері

* Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері

* Мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшілері

* Тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері

* Математика мұғалімдері

* Бастауыш сынып мұғалімдері

* Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

* Білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) әдіскерлері

* Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

* Ағылшын тілі пәні мұғалімдері

Курста тыңдаушылар теориялық, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, білім қоржындарын толықтырады. Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау, бағалау мақсатында жобалық жұмыс, өзіндік жұмыс, ықшам сабақ, қорытынды тестілеу жүргізіледі.

Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз! «Өрлеумен!» бірге болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар