Мемлекеттіліктің жеті тірегі

«Өрлеу» Қостанай филиалында Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында «Мемлекеттіліктің жеті тірегі» аты дөңгелек ұстел өтті. Еліміз Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында бұл тақырып өте маңызды және өзекті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеп, Елдіктің жеті тұғыры қағидаттар жиынтығын таныстырды.

Дөңгелек үстелде филиал оқытушылары мен мамандарының Тұңғыш Президенттің жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін басты бағдар болатын қағидалары туралы ой-толғаулары айтылды.

Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер ата-бабалардың баға жетпес мұрасы, халық қазынасы, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбексүйгіштікке деген ұмтылыс, прагматизм – мықты, бәсекеге қабілетті мемлекет болудың кепілі, мұны еліміздің әрбір азаматы білуге тиіс.

Дөңгелек үстел үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімімен аяқталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар