“Менде оқушы болғанмын” атты жоба өтті

24 ақпанда  «Өрлеу» Астана қаласы бойынша кәсіби даму институтының Әдістемелік орталықпен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласындағы №73 физика-техникалық лицейінің «Мен де оқушы болғанмын» авторлық жоба жұмысы аясында  қоюшы-суретші, ҚР кинематографиялық өнер Академиясының және кинематографистер одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Иманберген Марат Рақышұлымен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты: курстан кейінгі кезеңде педагогтердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу. Тәжірибе бөлісу аясында №73 лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлзира Батырханқызының курстан кейін идея туындауы арқылы жүргізіп бастаған «Мен де оқушы болғанмын» жобасының жұмысымен таныстырды. Өте мазмұнды, қызықты және берері көп кездесу кеші өткізілді. Жобаға келген басты қонақ Марат Рақышұлының студенттерімен де  Жүкен Нұрасыл (4 курс, кино және ТВ суретшісі),  Фариза Нурпанова (3 курс) және  Болатқали Жан (оператор,  1 курс)  сұқбат болды. Кері байланыс кезінде оқушылардың ойға көп нәрсе тоқығандарының куәсі болдық. Кездесу барысында оқушылар көптеген сұрақтар қойды. Шара соңында ең қызықты сұрақ қойған оқушылар жобаның екінші кезеңіне жолдама алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар