🎨Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша облыстық шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытындысы шықты.
🎨«Өрлеу»-Павлодарда дәстүрге айналған «Менің Қазақстаным» конкурсы қатарынан 18-рет өтті. Оның негізін филиалдың ардагер қызметкері, ҚР Өнер академиясының корреспондент мүшесі, бүгінде “Менің Қазақстаным” байқауының қазылар алқасының төрағасы Ерсін Такирбасов қалады.
🎨 Биылғы жылы байқауға Павлодар облысының 300-ден астам колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің, қосымша және мектепке дейінгі білім беру мекемелерді педагогтері қатысты. Институт аудиториялары 900-ге жуық шығармашылық жұмыспен әрленді.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, былтырғы жылға қарағанда биыл қатысушылардың саны артты, әсіресе мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ерекше белсенділік танытты. Қатысушылар өз жұмысытарында Қазақстан Республикасының заманауи даму кезеңі мен тарихи оқиғаларын көрсете білді.
🎊Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
‼️Конкурсқа қатысушылардың сертификаттары 2023 жылғы 20 желтоқсаннан кейін өтінімде көрсетілген электрондық поштаға жіберілетін болады.
‼️Құрметті қатысушылар, ертең 13 желтоқсан күні сағат 16.00-де байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі ген. Дүйсенов көшесі 22/1 мекен-жайында өтеді.
‼️Құрметті қатысушылар, байқау жұмыстарын желтоқсанның 20-нан бастап әкетуге болады.
🎨Сурет авторы: байқау қатысушысы А. Мергалиева
«Ата бабаларымыз»





