“Менің Қазақстаным” байқауы мәресіне жетті

«Өрлеу»-Павлодар филиалында бейнелеу өнерінен дәстүрлі «Менің Қазақстаным» атты білім қызметкерлерінің арасындағы шығармашылық байқауы өтті. Әдетте бұл іс-шара еліміздің Тәуелсіздік күніне ғана арналып жататын болса, биылғы жылы оны мемлекетімізде қайта аталып жатқан Республика күніне де арнап ұйымдастырды.

2022 жылы «Менің Қазақстаным» байқауы қатарынан 17-ші рет өтуде. Оның негізін қалаушысы «Өрлеу»-Павлодар ұйымының ардагер қызметкері Е. Тақырбасов. Айта кетерлігі, жыл сайын жұмыс пен өтінімдер саны ұлғайып, бейнелеу өнері, технология пәндері ұстаздарының арасында конкурс үлкен сұранысқа ие болуда.
Мәселен бұл жолы Павлодар өңірінің 70 білім беру мекемелерің 142 қызметкері төртжүзден астам шығармашылық жұмысын тапсырған. Әділ-қазылар мүшелері жылдан жылға орын беру бойынша шешім қабылдау қиындап барады деседі. Өйткені қатысушылар еңбектерінің сәні көркейіп, сапасы артып да, орындау технологиясы да күрделене түсуде.

Бұл жолы қазылар аалқасының шешімімен ІІІ дәрежелі дипломмен – 20, ІІ дәрежелі – 16 және І дәрежелі дипломмен 12 қатысушы марапатталды.

Құрметті қатысушылар мен жеңімпаздар, Сіздерді шын жүректен жеткен жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Әрдайым жеңістің шыңынан көріне беріңіздер.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар