Мерейтоймен құттықтаймыз!

15 тамыз күні институт ұжымы, Ақтөбе облысының білім басқармасының, “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының” ҚБ өкілдері кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.,доцент Каплиева Айгүл Қыдырбайқызын 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Егемен еліміздің ғылым-білім саласында атқарып келе жатқан қалтқысыз қызметі мен көп жылғы сіңірген еңбегін атап өтіп, сауықтыру шипажайына жолдама берді.
Айгүл Қыдырбайқызының иығына шапан жауып, әдемі гүл шоқтары мен Құрмет грамотасын табыс етті.
Әріптестеріңіз мерейтоймен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, толағай табыс тілейді

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар