Мереке аясындағы шара

15 желтоқсан күні Оралдағы «Өрлеу» институтының  кітапханасында «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.

Кітапхана ісі бойынша бас маман И.М.Бадакова шараға қатысушыларды қасиетті мерекемен құттықтап, ұлттық мерекенің маңызы мен тарихын, егемендік жолындағы күрестің  бағасын, желтоқсан құрбандарының ерлігін баяндады.

Шара барысында сөз алған  институт директорының орынбасары К.И.Байкатова: «Меніңше, Тәуелсіздік күні тек ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиіс емес. Бұл күннің  анағұрлым маңызды мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің соңы, егемендіктің ақ таңы басталған күні болды» деп атап өтті.

Шараға қатысқан институт қызметкерлері Г.М. Джумагалиева, А.Г. Шалкарова, К.А.Дуйсенгалиевалар өз ойларын ортаға салып, егемендік жолындағы күрестің нүктесі болған 16 желтоқсан көтерілісі туралы естеліктерімен бөліссе, Т.З.Габдушева «Желтоқсан желі» өлеңін оқып берді.     Басқосу «Желтоқсан жаңғырығы» деректі фильмімен қорытындыланды. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар