МЖМБС жобасы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

МЖМБС жобасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Руслан Әділханұлы Қаратабанов «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

📣Жаңа МЖМБС: Бастауыш және орта білім сапасын арттырудағы жаңа қадам
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (МЖМБС) жаңа жобасын ұсынды. Бұл қадам білім беру сапасын арттыру және стандарттарды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында жасалуда.

Жобаның ерекшеліктері:
🔹Кең талқылау: Жобаны дайындау барысында екі жыл бойы педагогтар, сарапшылар, ата-аналар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар және депутаттармен ашық пікір алмасу жүргізілді.
🔹Апробация және енгізу мерзімі: Жаңа стандарттар 2025-2026 оқу жылында апробациядан өтіп, 2026-2027 жылдары толық енгізілмек.
🔹Құндылыққа бағдарланған тәсіл: Оқытуда құндылықтарды баса назарға алу, инклюзивтілік деңгейін арттыру және стандарт тиімділігін бағалауға арналған жаңа нормалар ұсынылды.
🔹«Әлеуметтік GPA» ұғымы: Білім беру саласына алғаш рет енгізіліп отыр.
Пәндер мен сағаттар саны: Өзгеріссіз қалады.
🔹МЖМБС қолдану аясы: Бұл талаптар оқу бағдарламаларын, оқулықтарды әзірлеуден бастап, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына, білім жетістіктерін бағалау мен мониторинг жүргізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.
🔹Заманауи талаптарға сай стандарттар: Жаңа стандарттар цифрландырудың, жасанды интеллекттің даму қарқынын және білім берудегі әлемдік тәжірибені ескеруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы стандарттар 2016 жылдан бастап енгізілген болатын.

Білім берудің болашағына арналған бұл маңызды құжат білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар