Бүгін, Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Култуманова Алмагуль Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді.
Институт әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар біліктілікті арттыру курстарының сапасы, білім беру бағдарламаларының бағыттары мен оқытушылардың жағдайына байланысты мәселелер талқыланып, ынтымақтастықты тереңдету жолдары қарастырылды.
Кездесу соңында тараптар өз ризашылықтарын білдіріп, сенімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.



