Бүгін, қазан айының 30-ы күні Өрлеу-Маңғыстау филиалы облыстық білім басқармасымен бірлікте «МОДО нәтижесін жақсарту бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары» аясындағы әдістемелік апталықты бастады.Апталық оқыту шараларына “Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі -2023” қорытындысы бойынша облыстың 19 мектеп педагогтері (320 адам) қатыстырылды.Апталықтың негізгі мақсаты – аталған мектептердің білім жетістіктерін ілгерілетуге ықпал ету. Проблемаларды айқындау арқылы педагогтеріне әдістемелік көмек ұйымдастыру, бірлікте тәжірибелік жұмыстар жүргізу, озат іс-тәжірибелермен таныстыру.

- 30 Окт
- 2023