Ү.ж. 19 маусым күні «Өрлеу»-Жамбыл Кәсіби даму институты мен Тараз қаласы №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасымен бірлескен жұмыс жоспарына сай «Монтессори әлемінде» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум жұмысын өтті. Іс-шараның мақсаты: М.Монтессори жүйесінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесіндегі маңызын көрсету және озық тәжірибелерін тарату арқылы педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау. Іс-шараға Астана, Алматы, Маңғыстау, Шымкент қаласы, Қордай, Жуалы ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен педагогтері қатысып, тәжірибе алмасты. Педагогтер сенсорика, моторика, математикалық және тілдік ойлауды, әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған Монтессори әдістемесінің түрлі аймақтарында тәжірибелік жұмыстарын тиімді жүргізудің жолдарымен бөлісті.
Қатысушылар «Степ-аэробика» арқылы Монтессоридің тәжірибелік алаңдарына саяхат жасап, зерттеу, сипап-сезу, салыстыру, ажыратуға бағытталған жұмыстарымен танысты. №30 «Назерке» бөбекжай-бақша ұжымы бұл әдістеменің еліміздің әр мектеп жасына дейінгі балалары және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалары үшін маңызы мен өзектілігін тағы да дәлелдей түсті.
