Моңғолия үкіметі Білім бас басқармасының арнайы шақыртуымен «Баян-Өлгий аймақтық жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» оқыту-семинары өтті

Ағымдағы жылғы мамыр айының 20-22 аралығында Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушылары Жанар Ибраева мен Айжан Есентаева Моңғолия үкіметі Білім бас басқармасының арнайы шақыртуымен «Баян-Өлгий аймақтық жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» оқыту-семинарын өткізуде.

Семинардың мақсаты: Баян-Өлгий аймағындағы ЖББМ-дің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық, әдістемелік білім, біліктерін шыңдау.

Оқыту мазмұнының аясында:
– Теориялық білім, біліктерін арттыру;
– Оқытудың белсенді әдіс, тәсілдерінен үйрену;
– Білім алушылардың білім, біліктерін бағалаудың әдіс, тәсілдерінен үйрену сынды сұрақтар талқыланып, қарастырылуда.

Қатысушылардың жалпы саны Баян-Өлгий аймағындағы ЖББМ-дің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлығы 64 мұғалімі.

Оқыту-семинары Моңғолия елінің Улаанбаатар қаласында өтуде.
Семинардың барысында Моңғолия министрлігіндегі біліктілікті арттыру институтының директоры Р.Золзаяа «Мұғалім қандай болуы керек?» деген тақырыпта дәріс өткізді. Мұғалімге қойылатын талап пен мұғалім жұмыс жасауға тиіс 6 нормативті құжаттармен таныстырып.

Институтымыздың аға оқытушылары Ж.М. Ибраева, А.И.Есентаева «Білім берудің заманауи трендтері, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, білім алушылардың Soft Skills дағдыларын дамытуда белсенді әдістерді қолдану, көркем шығармаларды оқыту, әдебиет теориясы, көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері, талдау, экстенсивті және интенсивті оқу бойынша дәріс оқыды. Практикалық жұмыстар жүргізіліп, семинар қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Моңғолияның Үкімет орны шешімдерін жүзеге асырушы агентліг Білім бас басқармасының аз ұлт балаларының білім алу мәселелерін жауаптанушы маманы Л. Батсүрэн мен Моңғолияның Білім, ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық білім зерттеу институтының аз ұлт балаларының білімін зерттеуші ғылыми қызметкері Ж. Зүлмира ханым осындай шаралар қазақ тілі пәні мұғалімдері үшін өте керек болғанын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар