Музейде өткен сабақтар: оқытудағы инновация

Білім беру процесінде мұражай педагогикасын қолданудың тиімді әдістерін жинақтауға бағытталған «Музей педагогикасы белсенді оқытудың инновациялық технологиясы ретінде: тәжірибе, үрдістер, перспективалар» атты халықаралық конференция өткізілді. Іс-шараға шет елдердің өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Өрлеу» АҚ филиалдарының қызметкерлері, білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, мұражай және кітапхана қызметкерлері, әдіскерлер мен педагогтар қатысты.

Эльмира Мирзалиеваның жетекшілігімен облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері мен Тараз қаласындағы И.Панфилова атындағы №39 мектеп-гимназия педагогтерінің бірлескен жұмысының нәтижелері ұсынылды.

Конференция аясында

-музей педагогикасының инновациялық әдістері,

-музей сабақтарын жобалау нәтижелері,

-білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы музей педагогикасының рөлі,

-туризм мен экологияны білім беру процесіне біріктіру стяқты тақырыптар қозғалды.

Музей педагогикасының әдіснамасын талқылауға елеулі үлес қосқан шетелдік әріптестер-Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының «Белоцерковка үздіксіз кәсіби білім беру институтының» өкілдері Владимир Куліщов пен Ілля Пахомов, сондай-ақ Эстонияның Таллинн Паэ гимназиясының мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі Наталья Преснецова өз баяндамаларында музей педагогикасын енгізудің тиімді тәжірибесі мен нәтижелі әдістерін ұсынды.

Қазақстандық әріптестеріміздің зерттеулері жоғары практикалық инновация деңгейін көрсеткен-«Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша филиалы КДИ аға оқытушысы Шалхар Шакеров, Тараз қ, №10 С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Раушан Кайдаулова және №16 Д.Карбышев атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Жанар Асабаева.

Ұсынылған баяндамалар музей  педагогикасының пәнаралық әлеуетін, тарихи сананы, білім алушылардың азаматтық бірегейлігі мен ақпараттық құзыреттілігін, әдістер мен технологиялардың алуан түрлілігін көрсетеді. Бұл әдістемелік тәсілдер білім алушыларда білімді практикалық қолдану қабілетін, талдамалық және сыни ойлауды дамытуды, сондай-ақ зерттеу және жобалау қызметіне тұрақты қызығушылықты қоса алғанда, негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар идеяларымен алмасты, ұсыныстар ұсынды және ұйымдастырушыларға ұсынылған инновациялық әдістеме үшін алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар