Ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні Жамбыл-«Өрлеу» институтының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Э.Б.Мирзалиева «Музейлік педагогика» жобасын жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі аясында Белоцерковский атындағы үздіксіз кәсіптік білім беру институтының ДЗВО «Білім менеджменті университеті» НАПН ұйымдастырған «Үздіксіз білім беру жүйесінде ересектерді оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» атты ҮІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты – педагогтердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу, Қазақстан, Чехия, Грузия, АҚШ, Словакия, Нидерланды, Украина елдерінің ЖОО, колледждері мен мектептерінің ғалымдары, оқытушылары арасында үздіксіз кәсіптік білім беруді ізгілендіру. Конференция барысында Э. Б. Мирзалиева “Музей педагогикасының әдістемесі” атты баяндама жасап, Тараз қаласында музей сабағын енгізудің практикалық тәжірибесімен бөлісті.

- 15 Дек
- 2022