Ұстаздар әрдайым шығармашылық қабілеті өте дамыған тұлғалар болатыны құпия емес. Десе де, дәл осы пән мұғалімдерінің жасампаздығы әрдайым құлаққа да, көзге де жағымды болып тұрады. Бұл жолы біз Өрлеу-Павлодар қабырғасында біліктілгін арттырып жатқан музыка пәнінің майталмандары туралы сөз қозғап отырмыз. Түрлі аспапты шертіп игерген бұл адамдар институт табалдырығын аттаған сайын ішін әсерлі әндер мен күйлерге толтырып, шаттандырып жатады.
«Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбын игеріп жүрген мамандар курсты 26 маусымнан бастап өтуде. курс жетекшісі Гүлжан Анишеваның бастауымен оқушылардың үйлесімді дамуы үшін «Музыка» пәні оқу бағдарламасының негізгі мазмұны мен жүзеге асыру қағидаттарын зерделеп, балалардың музыка сабағында функционалдық сауаттылықтарын дамытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын меңгеру барысында. Сонымен қатар, осы апта барысында тыңдаушылар Павлодар қаласының музыкалық колледжіне, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс барысын жетілдіру мақсатында оңалту орталығына барды.