«Музыка сабағын оқытудағы инновациялық әдіс тәсілдер» ашық сабақ

Жоспарға сәйкес маусым айының 07 жұлдызында “Өрлеу-Шымкент” тыңдаушылары, музыка пәні мұғалімдері курс аясында тәжірибелік сабақтарға қатысты. Педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған заманауи педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістемесіндегі инновациялар ұсынылды. «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Бертай Токеев «Музыка сабағын оқытудағы инновациялық әдіс тәсілдер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Музыка сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Іс-шара барысында тыңдаушылар жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуда, топтық жұмыстарды, рөлдік модельдерді, диалогтық оқуда ерекше белсенділік танытты және ойлау дағдыларының деңгейіне қарай тапсырмалар құрастырып, пікір алмасты. Сонымен қатар, тыңдаушылар арасында шеберлік сабақтары өткізіліп, олардың орындауында түрлі шығармалар ұсынылды. Музыка сабағында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, педагогтердің кәсіби құзіреттіліктері артып, ашық сабақтарда заманауи платформаларды қолданудың тиімділігін көрсетілді. Заман талабына сай жаңа бағытта сабақ беру, өзара ой бөлісіп, тәжірибе алмасуға бақытталған бұл ашық сабақ өз мақсатына жетті. Республикалық деңгейдегі ашық сабаққа қатысқан музыка пәнінің мұғалімдері сабақты толық түсінгендерін айқындап, әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,топтық жұмыста белсенділік танытып нәтижесінде ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге шығармашылық табыс тілейміз. Болашақта бірлесе жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар