Музыка – адам сезiмiнiң нәзік тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлі аса зор. Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пән аралық байланысқа көңіл бөлген жөн. Осыған орай 09 ақпан күні Ақтөбе облысы бойынша “Өрлеу” филиалында “Музыка сабағы – музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы” атты пән мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар өтті. Семинарды “Өз өмірімнің суретшісімен” атты тренингпен №50 орта мектебінің мұғалімі Ж.Е. Мектепова бастаса, “Музыкалық идея және оны іске асыру” атты коучингті №55 ОМГ мұғалімі А.С. Досмағамбетова және Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп лицейінің мұғалімі А.М.Калыковалар өткізді. Сонымен қатар, №53 ЖББОМ мұғалімі Л.К Сафина және №38 ОМ мұғалімі А.Е Утебасовалар – музыка пәнінен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қазіргі музыка сабағында жаңа технологияларды қолдану туралы өз тәжірібесімен бөлісті. Семинар барысында №53 орта мектебінің мұғалімі Г. К. Каримова шеберлік-сынып өткізді. Ал, №78 ЖОББМГ мұғалімі Г.Н. Жулаева “Tik-tok” әдісі арқылы семинарға қатысушылардан кері байланыс алды. Қатысушылар семинар барысында сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын , кіріктірілген сабақ түрлерін меңгерді. Барлық қатысушыларға және спикерлерге алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

















