«Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жасауда жобалық іс-шараларды пайдалану»  тақырыбында халықаралық телекөпір

«Өрлеу» Жамбыл филиалының кітапхана ісі жөніндегі бас  маманы   Инна Грицинина «Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасауда жобалық қызметті пайдалану» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.  Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Қырғызстан және Қазақстаннан катысқан әріптестер арнайы кітапханалар жұмысының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде жобалық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін, сондай-ақ кітапханалардың жаңа формалары мен мүмкіндіктерін талқылады. Көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандармен жұмыс жасауда инновациялық кітапханалық технологияларды қолданудағы шығармашылық көзқарас, өлкетану және баспа жобалары, 3D модельдеу және басып шығару мысалында көрсетілді.Онлайн-конференция Яндекс-телекөпір сервисінде өтті. Қатысушылар кедергісіз бейнебайланыс арқылы одан әрі ынтымақтасу үшін деректермен алмасты. Онлайн-конференция қатысушылары инновациялық жобаларды, отандық және ресейлік әріптестердің озық тәжірибелерін зерделеу және енгізуін қажеттілігін айқындады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар