Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні “Мұражай педагогикасы” бойынша тағылымдамадан өту тәжірибесін енгізу мақсатында И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің әкімшілігі арасында кездесу өтті. Кездесуде «Музей педагогикасы» жобасының кураторы, PhD докторы, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Э.Б.Мирзалиева мұражай аумағында мектеп сабағын экспонаттар, техникалық және білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып өтетін «сабақ-музей» үлгісін түсіндірді.
