2022 жылдың 19 тамыз күні Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды. Біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары курстық кезеңге белсенді араласып, семинарларға қатысты. Тыңдаушылар бұл курстардан алған оң әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, білімдерін жетілдіргенін жеткізді. Айта кетейік, құрметті педагогтар, жаңа бағдарламалар аясында тыңдаушылармен өзара іс-қимыл біліктілікті арттыру курсын бітіргеннен кейін аяқталмайды, ол педагогтің кәсіби өсуінің әзірленген траекториясына сәйкес курстан кейінгі кезеңде жалғасын табатын болады. Құрметті әріптестер, 22 тамыздан “Өрлеу” пәндік курстарды жалғастырады! Қатысуға шақырамыз!





